«Халық үні» акциясы барысында ақтөбеліктерден 40 мыңнан астам талап-тілек келіп түскен

АҚТӨБЕ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында «Халық үні» акциясының барысында 40 мыңнан астам талап-тілек жиналған.
None
None

Облыста 14 штаб, партияның облыстық саяси кеңесінің 200-ден астам мүшелері қалаларда ғана емес, аудандарға да барып, кездесулер өткізуде.

Партияның облыстық филиалына аймақ тұрғындарынан келіп түскен өтініштер арасында коммуналдық жүйелерді жөндеуден өткізу, қоғамдық көлік бағыттарын өзгерту мен жолдарды жөндеу мәселесі өте жиі кездеседі.

Келіп түскен арыз-шағымдардың жартысы тиісті министрліктер мен ведомстволарға жіберілсе, жергілікті мәселелерді қамтитын сұрақтар облыстық және аудандық мәслихаттарға тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар