11:23, 24 Қаңтар 2011 | GMT +5
Халық үшін баспана мен абаттандыру мәселелері өзекті болып қалып отыр - әкімдердің есептік кездесулері
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жыл сайын дәстүр бойынша қаңтар/ақпан айларында өтетін әкімдердің есептік кездесулерінде көтерілетін өзекті мәселелердің қатарынан баспана мен абаттандыру мәселелері түспей келеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақ әкімі Қанат Бозымбаев ақпанның 11-20-сы аралығында есептік кездесулер өткізеді.
Қазір облыс бойынша осы кездесулерге қызу дайындық жүріп жатыр, бұған дейін шешімін таппаған проблемаларға талдаулар жүргізілуде, тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне арналған жәшіктер орнатылуда. Әкімнің есеп беру науқаны аяқталғаннан кейін әкімдік аппараты талдау және мониторинг шараларын жүргізбек, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.