ХАМАС Израильге тағы бір тұтқынның денесін қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM – ХАМАС қозғалысы Израильге тағы бір тұтқынның денесін қайтарды, деп хабарлайды DW. Келісім бойынша қаза тапқан 20 тұтқынның сүйегі 16 қазанға дейін берілуі тиіс болған.

ХАМАС передал Израилю тела четырех погибших заложников
Фото: Anadolu

AFP агенттігінің хабарлауынша, 17 қазан күні кешке ХАМАС тағы бір марқұм тұтқынның денесін халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдері арқылы Израиль армиясына (ЦАХАЛ) тапсырды. Бұған дейін осылай төрт адамның сүйегі қайтарылған болатын.

Бітім шартына сәйкес, Израиль әскері атысты тоқтатып, ХАМАС 20 аман қалған тұтқынды және 28 қаза тапқан тұтқынның денесін қайтаруға міндеттелген. Тірі израильдіктер 13 қазанда қайтарылғанымен, 28 адамның денесінен әзірге тек тоғызы ғана Израильге жеткізілген. ХАМАС өкілдері қалған сүйектерді шығару үшін «арнайы жабдық қажет» екенін айтып, өздерінің келісім шарттарын орындағандарын алға тартуда.

Израиль мен АҚШ әскери әрекетті қайта бастайтынын ескертті

Осы жағдайға байланысты Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац ХАМАС келісім талаптарын орындамаса, ел әскерінің АҚШ-пен бірлесіп әскери әрекеттерді қайта бастайтынын мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мүмкіндікті жоққа шығармады. Ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға Газадағы әскери қимылдарды қайта жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастыратынын айтты.

Газадағы бітім туралы декларация

13 қазанда Египеттің Шарм-эш-Шейх қаласында өткен халықаралық бейбітшілік саммитінде Газа секторында атысты тоқтату туралы декларацияға қол қойылды.

Құжатқа Египет, Қатар, Түркия және АҚШ мемлекеттері қол қойып, Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің кепілгерлері болуға келісті. Бұл бітім соғысты тоқтатып, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл күнді «Бүкіл әлем мен Таяу Шығыс үшін тарихи сәт» деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар