ХАМАС кепілге алынған тағы бір адамның денесін Израильге тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қызыл Крест өкілдері оны Газа секторынан алып шықты, деп хабарлады Израиль қорғаныс күштері. Марқұмның аты-жөні тану рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл туралы ВВС жазды.

ХАМАС кепілге алынған тағы бір адамның денесін Израильге тапсырды
Фото: Anadolu

Бұл 10 қазанда атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері қайтарылған 13-ші адамның денесі.

Демалыс күндері Израиль мен ХАМАС бір-бірін келісімді бұзды деп айыптады.

ЦАХАЛ мәліметінше, Израиль күштері содырлардың шабуылынан екі сарбаз қаза тапқаннан кейін Газа секторына әуеден шабуыл жасады. ХАМАС бұл шабуылға қатысы барын жоққа шығарды.

Бұған дейін Газа секторында қаза тапқан тағы екі тұтқынның мәйіті Израильге жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Израильдің Газа секторына жасаған әуе соққыларынан соңғы тәулікте қаза тапқандар саны 44-ке жетті.

Соңғы жаңалықтар