ХАМАС сенбіде босатылуы тиіс кепілдегі үш израильдіктің есімдерін атады

АСТАНА. KAZINFORM — Оның орнына Израиль 180-нен астам палестиналық тұтқындардың кезекті тобын түрмеден шығаруы керек, деп хабарлайды ВВС.

ХАМАС назвал имена трех израильских заложников, которых должны освободить в субботу
Фото: Кепілге алынған және жоғалған отбасылар форумы

Израильдің кепілге алынғандарының барлығы ер адамдар екені белгілі болды. Бұл 53 жастағы Эли Шараби, 56 жастағы Охад Бен-Ами және 34 жастағы Ор Леви. Олардың есімдерін Израиль премьер-министрінің кеңсесі және «кепілге алынған отбасылар форумы» растады.

Әзірге кепілге алынғандар дәл қай уақытта босатылатыны белгісіз.

Ор Леви Израильдің оңтүстігіндегі Nova фестивалінде жүрген жерінде ұрланған. Оның әйелі мен қыздары үйінде ажал құшқан. Ал Ор Леви және оның ағасы Йосси тұтқынға алынған. Кейіннен Йоссидің қайтыс болғаны айтылды, қазір оның денесі ХАМАС аумағында.

Эли Шараби мен Охад Бен-Ами — Беэри киббуцасынан (ред. — Израильдегі ауыл шаруашылығы коммунасы). Дәл осы жер содырлар шабуылдауды көздеген елді мекендердің біріне айналды.

Сенбі күнгі тұтқын алмасу процесі 19 қаңтарда бітімгершілік келісімі күшіне енгеннен бері бесінші рет өткізіледі. 1 ақпанда ХАМАС тағы үш израильдікті босатты. Өз кезегінде Израиль оның орнына түрмелерден 180-нен астам палестиналық тұтқынды шығарды.

Айта кетейік, израильдіктерден бөлек ХАМАС содырлары Тайландтың бес азаматын босатты.

Соңғы жаңалықтар