Харристің басшылығымен АҚШ Конгресі Трамптың сайлаудағы жеңісін растайды

ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ Конгресінің Сенаты мен Өкілдер палатасы 6 қаңтарда бірлескен отырысқа жиналады, оның барысында 2024 жылдың 5 қарашасында өткен президент сайлауының нәтижелері бекітіледі, деп хабарлайды ТАСС. 

АҚШ
Фото: ТАСС

Қазіргі президент Джо Байден мен АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Сенат пен Өкілдер палатасының отырысына қатыспайды.

Америкалық БАҚ-тың пайымдауынша, сайлау нәтижелерін бекіту рәсімі бұл жолы төрт жыл бұрынғыдай Вашингтонда наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге ұласпайды. 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтонда мыңдаған адам жиналып, сол кездегі президент Трамптың жақтастары сайлау нәтижелерін мақұлдауға кедергі келтіруге тырысқан болатын. Олар тіпті Конгресске басып кірген.

Харрис өзінің жеңілгенін растайды

Отырысты Конституция бойынша Сенат басшысы саналатын АҚШ вице-президенті Камала Харрис жүргізеді. Байден мен Трамп қатыспайды. Байден сайлау додасынан бас тартқаннан кейін Трамптың сайлаудағы қарсыласына айналған вице-президент өзінің жеңілгенін ресми түрде растауға мәжбүр. Дегенмен сайлау науқаны кезінде Трампты демократияға қауіп төндіреді деп қайта-қайта дабыл қаққан Харрис сайлаудан кейінгі күні-ақ жеңілгенін мойындап, оны жеңісімен құттықтаған болатын.

Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, Трампқа пара алу ісі бойынша үкім 10 қаңтарда шығады.

Трамп Флоридадағы резиденциясында Мелониді қабылдады.

Мыңдаған босқын Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды. Олар Трамп сайланғанға дейін АҚШ-қа кіруге ниетті.

Соңғы жаңалықтар