Хасан Қасымбаев тағылған айыптарды мойындамады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Бүгін, 22 тамыз күні Талғар аудандық сотында өтіп жатқан сот процесі барысында Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

Сот отырысында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы оқып шыққаннан кейін, судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.
— Кінәмді толығымен мойындамаймын, — деп жауап берді Қасымбаев.
Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қараша қамауға алынды.
Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады.
Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.
Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.
Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты.
Хасан Қасымбаевпен бірге кімдерге айып тағылғаны белгілі болды.
Бүгін, 22 тамызда прокурор айыптау актісін оқып берді.