Хасан Қасымбаевқа тағы қандай айып тағылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Хуторлықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылды.

– Аталған тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жарияланбайды, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, былтыр қараша айында Хасан Қасымбаев қамауға алынған болатын. Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов кәсіпкер Хасан Қасымбаевқа қатысты түсінік берді.
Сондай-ақ Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады.