«Химфарм» ғимараты террористік тұрғыдан осал объект ретінде белгіленді
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — «Химфарм» террористік қауіп төнген жағдайда біршама адам шығынына алып келетін және экономикалық, экологиялық зиян келуі мүмкін әлеуетті қауіпті объект ретінде танылып, террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде қалды.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамында арнайы, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдарының жауапты өкілдерімен «Химфарм» акционерлік қоғамының ғимаратында болып, Үкіметтің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына «Террористік тұрғыдан осал объекті талаптарына» сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.
— Нәтижесінде «Химфарм» акционерлік қоғамы террористік қауіп төнген жағдайда біршама адам шығынына алып келетін және экономикалық, экологиялық зиян келуі мүмкін әлеуетті қауіпті объект ретінде танылып, террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде қалды, — делінген Терроризмге қарсы орталығы хабарламасында.
Мұндай объектінің беріктігі мен қорғанысы төтенше жағдайлардың алдын алуына және адамдардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталғаны жөнінде терроризмге қарсы комиссиясы жанындағы жұмыс тобының отырысында қаралады.
Айта кетелік Шымкент, Атырау мен Ақтөбе тұрғындары терроризмді насихаттағаны үшін сотталған еді.