22:31, 08 Қазан 2022 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» «Ак Барстан» басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 18-минутында қазақстандық Самат Данияр соққан гол «Барысты» алға шығарды.
Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына екі-екіден шайба соқты. Алдымен 22-минутта «Ак Барс» хоккейшісі Кирилл Петров таразы басын теңестірсе, одан кейін «Барыс» сапынан Әділ Бекетаев 27, Линден Вей 31-минутта екі голдың авторы атанды.
Ал 36-минутта ресейлік хоккейші Артём Галимов 36-минутта мергендік танытып, есеп айырмасын бір голға қысқартты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» келесі ойынын 11 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» ресейлік «Торпедоға» есе жіберді.