Хоккей: «Барыс» бүгін елордада «Авангард» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» бүгін елордада «Авангард» командасымен кездеседі

Аталған ойын бүгін, 21 желтоқсанда елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 68 мәрте кездесті. Оның 24-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде қырық бір ойыннан кейін 39 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 16-орында келеді.

Ал, қырық ойыннан кейін 48 ұпай жинаған «Ақ Барс» 11-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Нефтехимик» командасынан басым түсті.