Хоккей: «Барыс» елордада «Ак Барс» командасынан жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» елордада «Ак Барс» командасынан жеңілді

Екі команда да биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Турнир кестесінде отыз үш ойыннан кейін 30 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді. Ал отыз екі ойыннан кейін 32 ұпай жинаған «Ак Барс» 16-орынға тұр.

Сондықтан командалар үшін жеңіске жету өте қажет болатын. Олардың тарапынан жиі шабуылдар ұйымдастырылды.

Осындай сәттердің бірінде 3-минутта ресейлік клубтан Дмитрий Воронков есеп ашты. Бірінші кезеңде басқа гол соғылған жоқ.

Екінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Әлихан Әсетов таразы басын теңестірді.

Ал үшінші кезеңнің 45-минутында «Ак Барс» тағы да алға шықты. Оны Вячеслав Войнов өзінің еншісіне жазды.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 25 қарашада елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Салават Юлаевтан» басым түсті.


Фото: sports.kz