Хоккей: «Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі команда 15 қыркүйекте елордада бір ойын өткізді. Аталған кездесуде «Барыс» қарсыласын 5:3 есебімен тізе бүктірген еді.

Сондықтан «Авангард» хоккейшілері бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салды. Нәтижесінде олардың қатарынан Александр Дергачёв 8, Сергей Толчинский 17-минутта мергендік танытты. Бұдан кейін «Барыс» сапынан Егор Петухов есеп айырмасын қысқартқан еді.

Екінші кезеңде ресейлік клубтан Рид Буше 18, Семён Чистяков 23, Алексей Береглазов 25, Алексей Береглазов 33-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезең басталған сәттен елордалық команда алға қарай ұмтылды. «Барыс» сапынан Линден Вей 41-минутта есеп айырмасын қысқартуға тырысты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберіп қойды.

Енді «Барыс» 18 қыркүйекте елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосибирск) командасын қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар