Хоккей: «Барыс» елордада «Трактор» командасынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Трактор» (Челябинск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі команда бұған дейін 47 мәрте кездесті. Оның 25-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде төрт ойыннан бір ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келеді. Ал бес ойыннан кейін 4 ұпай алған «Трактор» 17-орынға жайғасқан.

Сондықтан бүгінгі кездесуде екі команда жеңіске жетуге бар күшін салды.

Ойынның 6-минутында елордалық командадан Лиден Вей есеп ашса, Кирилл Савицкий 15-минутта «Барыстың» басымдығын арттырды.

Оған 19-минутта «Трактор» хоккейшісі Теэму Пулккинен бір голмен жауап қайырды.

Кездесудің соңғы минутында ресейлік клуб қақпашысыз ойнады. Нәтижесінде Линден Вей санаулы секунд қалғанда бос қақпаға гол соқты.

Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Енді елордалық клуб 15 және 16 қыркүйекте Ресейдің «Авангард» командасымен екі ойын өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб төрт ойында қарсыластарына есе жіберіп қойды.



Соңғы жаңалықтар