Хоккей: Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мамыр айында Астана қаласында Ресей және Беларусь құрамаларымен жолдастық кезлесу өткізеді.

хоккей
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елордада 2-4 мамыр аралығында Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады.

Қазақстандық хоккейшілер 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь құрамаларымен ойнайды. 

Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Ел құрамасы 10 сәуірде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы елордада элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына оқу-жаттығу жиынын бастады.

Оған шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.