Хоккей: Қазақстан құрамасы үздік дивизионға жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрама командасы бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда жоғары дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Хоккей: Қазақстан құрамасы үздік дивизионға жолдама алды

Бүгін Оңтүстік Корея хоккейшілері Литвадан жеңіліп қалғаннан кейін, Қазақстан қалған тураларда жеңіліп қалса да, екінші орыннан төмен түспейтіні белгілі болды.

Бүгін сағат 17:30-да басталатын Қазақстан мен Беларусь ұлттық құрама командалары арасындағы матчта 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталады. Сонымен қатар, айта кету керек беларустар элитаға жолдама алған жоқ. Алайда келер жылы мықтылармен шеберлік байқасуы үшін олар Қазақстан немесе Оңтүстік Кореямен матчтарда кемінде бір ұпай жинауы керек.