Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы әлем чемпионатына баратын хоккейшілер тізімін жариялады. Жаһандық дода 10 және 26 мамыр аралығында Чехияда өтеді. 

Құрама ойыншылары
Фото: icehockey.kz

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Бүгін, 5 мамырда ұлттық құрама Чехия астанасы Прага қаласында болады. Онда Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді. 

Ұлттық құрама тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі - «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехов («Металлург», Ресей);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі - «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей);

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейге 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.

Соңғы жаңалықтар