Хромтау ауданы «сары» аймақтан шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Хромтау ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аудан «сары» аймақтан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хромтау ауданы «сары» аймақтан шықты

Хромтау ауданында 18 ақпан күні шектеу шарасы күшейтілді. Мұнда жексенбі күндері ірі сауда орындары, базарлар жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге адам көп шоғырланатын мекемелерде санитариялық талап күшейді . Арада екі апта өткенде шектеу шарасы қайта жеңілдеді.

«Хромтау ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы өз күшін жойды. Хромтау «сары» аймақтан шықты», - деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен тәулікте өңірде 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір облыс пен барлық аудан «жасыл» аймақта тұр. Бүгін мұғалімдер мен полиция қызметкерлері вакцина салына бастады.