13:44, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
Хромтауда екі жеткіншек таксист-әйелді ұрып соққан
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Хромтауда 16 және 17 жастағы екі жасөспірім таксист-әйелді ұрып, көлігін айдап әкеткен.
30 жастағы әйел 12 сәуір күні «Уют» қонақ үйінің маңынан табылды, деп хабарлады облыстық ІІД.
Жеке таксидің жапа шеккен жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Нәзікжанды өзіне шабуыл жасаған жеткіншектердің түр-түсін айтып берді, тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді.
«16 және 17 жастағы екі жігіт уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК 185 бабы «айдап әкету» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ІІД баспасөз қызметкері Ардагер Уайдин. Айдалып әкеткен көлікті полицейлер қала сыртынан тапты.