Хромтауда газ пешінің жарылуы: Дәрігер зардап шеккендер туралы айтты

ХРОМТАУ. ҚазАқпарат – Дәрігерлер Хромтау қаласында газ пеші жарылуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хромтауда газ пешінің жарылуы: Дәрігер зардап шеккендер туралы айтты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ауруханаға жеткізілген 9 адамның қазіргі халін айтты.

«Жаңа туған нәресте мен 6, 30 жастағы адамдардың денсаулығы жақсы, еш зақым келмеген. 19 жастағы бозбала да амбулаториялық ем алады. Ал өзгесін әртүрлі деңгейде күйік шалды. Әсіресе 57 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Жағдайы тұрақталса Күйік орталығына жеткізіледі» - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Исаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалада газ пеші жарылып, бір үйдің шатыры опырылып, ортасына түсті.