08:37, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Хромтауда сауда үйіне жапсарлас салынған ғимарат өртенді
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 17.30-да Ақтөбе облысының Хромтау қаласында «Хромтау» сауда орталығына жапсарлас салынған көкөніс сататын ғимаратта өрт болды.

ҚР ТЖМ-нан хабарланғандай, өрт сағат 20.30-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің 14 адамы мен 5 техникасы, Ақтөбе облысы бойынша ТЖД Хромтау әскерилендірілген кен құтқару қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 423 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.