13:10, 16 Қазан 2013 | GMT +5
Хромтауда волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталды
АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 16-23 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді.

Оған қатысып жатқан 8 команданың жетеуі - Ұлттық лигадан, біреуі - Жоғары лиганың «А» дивизионынан. Олардың төртеуі - Ұлттық лигадағы 2012/2013 ел чемпионатында үздік төрттіктен көрінгендер, ал өзге төртеуі - жарыстың алдын-ала кезеңінде топ жарғандар.
Бүгін алматылық қос команда, атап айтқанда Ұлттық лигада «Алматы» мен Жоғары лиганың «А» дивизионындағы «Ұшқын-ҚазҰАУ» өзара күш сынаспақ. Ал павлодарлықтар өскемендіктермен («Шығыс-қорғасынҚұрылыс»), оралдықтар («Конденсат-Жайықмұнай») атыраулықтармен, хромтаулықтар («Қазхром») қызылжарлықтармен («Есіл») жұп құрап отыр. Айналым жүйесі бойынша өтетін бұл сайыста үздік шыққан 4 команда жартылай финалға жолдама алатын болады.