И. Тасмағамбетовке Астананың «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына кіргендігі туралы сертификаты табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің «Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Ясуёси Комидзо мырзамен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына 1982 жылы Хиросиманың мэрі Такеши Аракидің бағдарламасын ресми қолдаған әлемнің әр түпкіріндегі қалалар кіреді.

1945 жылғы тамызда атом бомбалары әп-сәтте Хиросима және Нагасаки қалаларын жермен-жексен етіп, жүз мыңдаған жанды жер жастандарды. Ұйым Хиросима мен Нагасакидегі сияқты қайғылы жағдайлардың қайталанбауы жолында әлемге ядролық қаруды қолданудың қатігездігін жеткізуге талпынып, ядролық қарусыздануға үнемі шақырып келеді.

1982 жылғы 24 маусымда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен қарусыздану жөніндегі БҰҰ-ның 2-арнайы сессиясында Хиросима мэрі Такеши Араки қалалардың ядролық қарудан түбегейлі бас тарту туралы ынтымақтастығын қолдау туралы жаңа бағдарламаны жария етті. Ол ядролық қарудан құтылу үшін қалаларға ұлттық шекара шегінен шығып, бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Нәтижесінде Хиросима мен Нагасаки қалаларының мэрлері дүниежүзінің мэрлерін бағдарламаны қолдауға шақырды.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» қалалар арасындағы тығыз қарым-қатынас арқылы халықаралық қауымдастық назарын ядролық қарудан бас тарту қажеттілігі мәселесіне аудартып, бүкіл әлемді шынайы әрі қуатты бейбітшілікке үндеп, аштық пен кедейлікті жою, қақтығыстар ошағынан бас сауғалаған босқындарға көмек көрсету, адам құқықтарын қолдау, қоршаған ортаны қолдау, күллі адамзаттың бейбіт өмір кешуіне кедергі келтіріп, қауіп төндіретін басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Астана «Мэрлер бейбітшілік үшін» қозғалысына 2012 жылғы тамызда ұйымға мүше қалалардың ішіндегі 110-ыншы астана болып қосылды. Бұл туралы ұйым президенті Хиросима мэрі Кадзуми Мацуи мырза қол қойған сертификатты Астана қаласының әкіміне норвегиялық Фрогн қаласының мэрі Туре Вестби мырза мен «Болашақ 2020» халықаралық қозғалысының директоры Аарон Товиш мырза табыстады.

«Мэрлер бейбітшілік үшін» ұйымына Қазақстаннан Астанадан бөлек Алматы, Аягөз, Қарағанды, Курчатов, Павлодар, Риддер, Семей, Серебрянск, Шар, Шемонаиха, Өскемен, Зайсан, Зырян қалалары енген.

Соңғы жаңалықтар