IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары кімдер

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтетін әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Нидерландтағы турнирде қазақстандық боксшылар сегіз медаль алды
Фото: olympic.kz

IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

48 келі. Теміртас Жүсіпов - Гаурав Соланки (Үндістан) / Али Нгвандо (Танзания);
51 келі. Даниял Сәбит - Келвин Майна (Кения);
54 келі. Сәкен Бибосынов - Катего Кеорапетсе (Ботсвана);
57 келі. Оразбек Асылқұлов - Джозеф (Синт-Мартен) / Санчес Да Силва (Кабо-Верде);
60 келі. Серік Теміржанов - Эрдэнэбатын Цэндбаатар (Моңғолия);
63,5 келі. Ертуған Зейнулинов - Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) / Митч Ледерман (Австралия);
67 келі. Санатали Төлтаев - Джеральд Кабинда (Замбия);
71 келі. Абылайхан Жүсіпов - Альфино Саезар (Индонезия) / Арарат Арутюнян (Армения);
75 келі. Сабыржан Аққалықов - Касилилика (Танзания) / Кузен (Сейшель аралдары);
81 келі. Ерасыл Жакпеков - Зоуграна (Буркина-Фасо);
86 келі. Дәулет Төлемісов - Рамон Батагелло Соуза (Бразилия);
92 келі Нұрмагамед Юсупов - Навруз Джафоев (Тәжікстан);
92 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай — Вандаи Амир Эсмаили (Иран) / Иман Раамезанпурделвар (IBA-Pro).

Соңғы жаңалықтар