Иелеріне шабуыл жасаған арыстан Алматы зообағында қалай өмір сүріп жатыр
Абдан 2015 жылдың 9 қаңтарда дүниеге келген. 2016 жылы қаңтар айының басында иелері Алматы зообағына өткізген. Бұрынғы қожайындары сүйкімді арыстан күшігін қолдан сатып алған. Әдетте, адамдар жыртқыш аңдардың күшіктерін ермек ретінде асырайтыны белгілі. Ал кейін мұндай аңдар өсе келе, өздерінің иелерін «ермекке» айналдырады, тістелеп мазаларын ала бастайды.
8-9 айлығында тісі батқан соң қожайындары абданды амалсыз зообаққа өткізген еді. 3 жылда Хамзат ересек арыстанға айналды.
«Қазір оның қасына Дана есімді ұрғашы арыстан қостық. Туған күн кешіне арнайы жайылған дастарханды екеуі шашып тастады. Бірінші ұрғашы арыстан тамақтанды. Сосын оған Хамзат қосылды. Зообақты тамашалауға келген балалар мен ересектер бұл көрініске мәз болды», - деді секция басқарушысы Дәурен Кенжебаев.
Ол 10 жылдан бері зообақтағы жыртқыш жануарларды бағып-қағумен айналысып келеді.
Еске сала кетсек, Хамзаттың 8-9 айлығында зообаққа келу тарихын жазған болатынбыз.