Иесіз қалған көлік ақтөбеліктерді дүрліктірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде иесіз қалған көлік полиция қызметкерлерін әбігерге салды. Тексеру кезінде қаланың бас даңғылы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласында 102 нөміріне белгісіз адам хабарласып, Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы бағдаршамда иесіз көлік тұрғанын хабарлады.

«Иесіз қалған «Жигули» кешеден бері тұрған соң қала тұрғыны күдіктеніп, полицияға телефон шалған. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері күдік тудырған көлікті тексеріп шықты. Тексеру кезінде қауіп төндіретін ештеңе анықталмады. Қазіргі кезде көліктің иесі іздестіріліп жатыр»,- деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Айта кетейік, көлік Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысындағы бағдаршам маңына тұрған. Бұл өткен жылы лаңкестер шабуыл жасап, бірнеше адамды атып өлтірген «Паллада» қару-жарақ дүкені жақын көше. Полиция қызметкерлерінің жедел қимылы мен көлікті тексеру кезінде жолдың жабылуы қала тұрғындарын әбігерге салды. 

Соңғы жаңалықтар