Игорь Шацкий «Шахтер» командасы құрамына қайта қосылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қақпашы Игорь Шацкий «Шахтер» командасы құрамына қайта қосылды. Ол биыл «Ақтөбе» клубының намысын қорғаған еді.

35-жастағы қақпашы - Қарағанды футбол мектебінің түлегі. 2007 жылы үлкен спорттағы алғашқы қадамын қарағандылық «Шахтер-Юность» командасында бастаған ол одан кейін «Шахтер» (Қарағанды), «Астана-1964», «Болат» (Теміртау), «Тобыл» (Қостанай) және «Ақтөбе» клубтарында өткізді.
2019 жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы сапында 33 ойында жасыл алаңға шығып, 46 гол жіберіп алды.
«Шахтер» биыл Премьер-лигадағы ойындарын сәтсіз өткізіп, өз тарихында тұңғыш мәрте бірінші лигаға түсіп қалды.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.
Салтанатты рәсім АҚШ-тың Майами қаласында өтті. Дүбірлі додада бақ сынайтын 32 команда төрт-төрттен топтарға бөлінді. Әрбір топтан үздік екі құрама 1/8 финалға жолдама алады.
Әлем чемпионаты 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтеді.