ІІМ әр өңірде «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде

сондай-ақ полиция қызметіне халықтың сенімін арттыру бойынша міндеттерге сәйкес Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, 8 қарашада еліміздің әрбір өңірінде кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді.
Шара барысында азаматтарға құқықтық және кеңестік көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар өкілдері халықпен кездесіп, ал Қарағанды облысында азаматтарды қабылдайды.
Акция өткізу кезеңінде әкімшілік полиция қызметкерлерінің заңдылықты және азаматтардың құқықтарын сақтаулары мәселелері бойынша азаматтарға жасырын сауалнама жүргізіледі.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы маусымда ІІМ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Шемонаиха аудандық орталықтарында акция ұйымдастырылған.
Осыған ұқсас іс-шаралар республиканың барлық өңірлерінде өткізілді. Акцияға барлығы 9,6 мыңнан астам азамат қатысты, олардан 1868 өтініш келіп түсті, басым бөлігі (1712) қанағаттандырылды. Жеке қабылдауға 404 азамат қабылданды, 333 жағдайда азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында полиция қызметі мәселелері бойынша 7718 азаматқа сауалнама жүргізілді.
ІІМ-нің «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп мұндай іс-шараларды өткізуі бұдан әрі де жалғасады, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.