ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Венада өткен БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының сессиясына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вена қаласында БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының жыл сайынғы 57-ші сессиясы жұмысының шеңберінде Ауғанстан және көршілес елдер үшін өңірлік бағдарламасын басқарушы комитеттің үшінші кездесуі өтті.
None
None

Кеңеске Қазақстан атынан ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Анатолий Выборов қатысты. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінен хабарланды.

Комитет төрағасы сөйлеген сөзінде ауған героинінің трафигіне қарсы іс-қимылда мемлекет қабылдап отырған шаралар туралы хабардар етті. Өңірлік бағдарламаны және оның құқық қорғау қызметіндегі және есірткіге тәуелділіктің алдын алу және емдеудегі өңірлік ынтымақтастықты қамтитын кіші бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның белсенді қатысып отырғанын атап көрсетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындау үшін елеулі жұмыс атқаруда.

Нашақорлықтың алдын алу саласында неғұрлым тиімді тәжірибені енгізу жөнінде ұсынымдар әзірленді. Тәуекел топтарымен алдын алу жұмыстары, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты сауалнамалар мен зерттеулер ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты шаралар іске асырылды. Есірткі тұтыну жөніндегі деректерді жинау саласындағы халықаралық стандарттар зерделенді. Прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты арнайы операцияларды өткізуде бірлескен іс-қимылдар жоспарланды.

Өңіраралық және халықаралық байланыстары бар есірткі тасымалдаушылары туралы жедел деректермен ұдайы алмасу қалыптастырылды. Арнайы халықаралық жедел іс-шаралар өткізілді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) әлеуеті пайдаланылуда, осы Орталықпен бірлесе отырып, бірнеше нәтижелі операциялар өткізілді.

Сонымен бірге А.Выборов сөзінде Батыс және Орталық Азия елдерінде есірткіні тұтынумен байланысты проблемаларды шешу бойынша Өңірлік конференция ағымдағы жылғы 26-27 маусым аралығында Астана қаласында өткізілуін қолдады.

Айта кетер жайт, сессия жұмысының барысында ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Александр Сычевпен, БҰҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы АҚТҚ жұқпасы/ЖҚТБ бойынша Бас хатшысының арнайы өкілі Мишель Казачкинмен, БҰҰ ЕҚБ Саяси талдау және қоғамдық байланыс департаментінің директоры Жан-Люк Лемаемен кездесті. Жүздесулерде ауғандық есірткі транзитінің көлемін бағалау әдістемесі, есірткіге сұранысты қысқарту бойынша одан әрі ынтымақтастықтың перспективасы, нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар