ІІМ полиция қызметкерінің әріптесін қуғаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерінің өз әріптесін қуған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ полиция қызметкерінің әріптесін қуғаны түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің құқық бұзушының артынан жүгіргені түсірілген видео тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, қашып бара жатқан азамат та полиция қызметкері.

ІІМ бұл ақпаратты растады.

«6 қазан күні сағат 12:00-де Жаңаөзендік патрульдік полиция қызметкерлері жалған нөмірлі «Тойота» көлігін тоқтатты. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 4-бөлігінің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік тұраққа қойылды. Материал сотқа жіберілді», - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл қызметкердің әрекетін тәртіптік комиссия қарайды.





Фото: polisia.kz