Ikea Латвия мен Литвада 24 мың гектар орман сатып алмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Inter Ikea компаниялар тобы Латвия мен Литвада шамамен 24 мың гектар орман сатып алу туралы келісімге келген, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

«Таза Қазақстан» Семейде: студенттер орман мен табиғатты қорғаудың сырын үйренді
Фото: Абай облысының әкімдігі

Yle агенттігі хабарлағандай, бұл туралы осы ормандарға иелік ететін финдық жеке инвестициялық компания Capman Natural Capital жария еткен.

Компания деректері бойынша, тараптар мәмілені 2026 жылдың бірінші жартысында аяқтауды жоспарлап отыр.

Inter Ikea компаниялар тобы мәміленің мақсаты — жауапты орман шаруашылығын дамыту және жергілікті шикізатты сатып алу екенін алға тартты.

Ikea әлемдегі ең ірі ағаш тұтынушылардың бірі саналады және 2030 жылға дейін көмірқышқыл газын шығарындыларды екі есе азайту мақсатын қойып отыр.

Бұдан бұрын IKEA компаниясы босқындарға арнап 4 сағатта құрастырылатын баспана шығаратынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар