Илон Масктің анасы қазақстандық баланың тұсауын кесті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Илон Масктің анасы Мэй Маск Алматыға келді. Ол сапары барысында қазақстандық баланың тұсауын кесті.

Илон Масктің анасы қазақстандық баланың тұсауын кесті
Коллаж: Kazinform

Мэй Масктың тұсау кескен сәтінің видеосын BeWoman форумының ұйымдастырушы Жанна Кан Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Айта кетейік, Мэй Маск бүгін Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады.

Илон Масктің анасы Мэй Маск
Фото: fit4brain.com

Мэй Маск денсаулық, дұрыс тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділік тақырыбында әңгіме өрбітеді.

Алматыда Орталық Азия елдірінің әйел-көшбасшылары бас қосты. Олар гендерлік теңдік, бейбітшілік, бизнес және бала тәрбиесі мәселелерін талқылап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар