Иманғали Тасмағамбетов Астана тұрғындарын электр энергиясын үнемдеуге шақырды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында астаналықтарды EXPO-2017 көрмесін өткізу алдында электр энергиясын үнемдеуге бетбұрыс жасауға шақырды.
None
None

«EXPO-ны өткізудегі басты мәселе - біздің қала үшін маңызды үдеріске әрбір елордалықты кірістіру. Біз оның тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп жарияладық. Сондықтан әрбір қалалық осы көрменің идеясында өзінің рөлін қазірден бастап түсінуі тиіс. Яғни, әр пәтерде электр энергиясын үнемдеуден бастап, «жасыл экономика» жобаларын іске асыруға тікелей қатысуға жұмылу қажет», - деді әкім.

Оның сөзінше, қазіргі кезде ЖЭО-2 өндірген электр энергиясының 6 пайызы астаналықтардың ұялы телефондар мен басқа да жабдықтарды қуат беру көздерінен ажыратуды ұмытуынан бекерге кетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар