01:44, 03 Сәуір 2023 | GMT +5
Индонезияда 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
АНКАРА. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Индонезияда 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі жексенбі күні Индонезия жағалауында тіркелді, деп хабарлады Еуропа-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығынан.
Зілзаланың ошағы Бим қаласынан солтүстік-батысқа қарай 80 км қашықтықта жатыр. Тереңдігі 30 км тереңдікте.
Зілзала салдарынан қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Цунами қауіпі туралы хабарланбады.