Индонезияда карьер опырылып, 14 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM –  Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы әктасты карьерде болған көшкін салдарынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Анадолы

Индонезияда карьер опырылып, 14 адам қаза тапты
Фото: Анадолы

Индонезияның Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 30 мамыр күні Чиребон ауданында болған. Құтқарушылар үйінді астынан 14 адамның денесін тапты. Тағы 12 адам жарақат алған.

Билік өкілдерінің айтуынша, үйіндінің астында әлі де 6-8 адам қалуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарын полиция, әскери қызметкерлер, еріктілер тартылды. Оқиға орнында бес экскаватор жұмыс істеп жатыр.

Батыс Ява губернаторы Деди Мульяди әлеуметтік желілерде ақпан айында  әлі сайланбай тұрып карьерге барғанын және оның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін сол кезде-ақ байқағанын айтты. Қайғылы оқиғадан кейін губернатор бұл карьердің және провинциядағы тағы төрт осындай кәсіпорынның жұмысы тоқтатылғанын хабарлады.

Индонезияда заңсыз шахталар мен карьерлер кең таралған. 2024 жылы Суматра аралында заңсыз алтын өндіру шахтасында көшкін болып, кемінде 15 адам қаза тапқан еді.

Айта кетелік Индонезияда күшті жер сілкінісі болған еді

 

Соңғы жаңалықтар