Индонезияда магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезияның Ачех провинциясында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды, деп жазды Риа новости.

Индонезияда магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды
Фото: Depositphotos.com / Belish

Индонезияның Сейсмологиялық және метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, елдің Ачех провинциясында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған.

— Жер сілкінісі Батыс Индонезия уақыты бойынша сағат 09.58-де (Мәскеу уақыты бойынша 5.58-де) болды, — делінген агенттік таратқан хабарламада. 

Сейсмологтардың айтуынша, цунами болуы мүмкін емес. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте құрлықта болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бангкоктағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны артып бара жатқанын жазған болатынбыз.

Ал, Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты.

Соңғы жаңалықтар