Индонезиядағы жер сілкінісінен ондаған адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясында жексенбі күні таңертең 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезиядағы жер сілкінісі
Фото: Азертадж

– Жарақат алған 29 адамның екеуінің жағдайы ауыр, - деп хабарлады Табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі (BNPB). 

Индонезия «Тынық мұхиттық өрт сақинасы» деп аталатын жерде, жер қыртысының әртүрлі плиталары түйіскен қарқынды сейсмикалық белсенділік аймағында орналасқан. Мұндағы барлық жер сілкінісінің 90%-ы осы аймақта болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Камчатка тарихында ең күшті жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік. Аталған аймақтағы табиғат апатына байланысты Камчаткада төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар