Индор хоккейден Азия кубогында қазақстандық екі құрама да жеңіске жетті

Құрлықтық бәсеке Таландтың Бангкок қаласында 8 тамыз күні басталды. Аталған турнир 15 тамызда мәресіне жетеді.
Ерлер арасындағы бәсекеге барлығы 7 құрама келді. Олардың қатарында Малайзия, Иран, Таиланд, Индонезия, Қытай Тайбэйі және Сингапур бар.
Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді.
Енді олар 11 тамызда Таиландпен, 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі.
Турнир кестесінде қазақстандықтар 7 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында 9 ұпаймен Малайзия келеді.
Ал әйелдер арасындағы турнирге барлығы 9 құрама келді. Құрамалар екі топқа бөлінген. А тобында Қазақстаннан өзге Индонезия, Қытай Тайбэйі, Иран мен Пәкістан бар.
Қазіргі дейін қазақстандық спортшылар Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар 11 тамызда Қытай Тайбэйімен, 12 тамызда Индонезиямен шеберлік байқасады.
Қазақстан әйелдер құрамасының еншісінде екі ойыннан кейін 6 ұпай бар. Көш басында 9 ұпаймен Индонезия хоккейшілері тұр.
Еске салсақ, бүгін елордада спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді.