Инфекционист балалар арасында тұмау неге ауыр жүріп жатқанын түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында балалар арасында тұмау неге ауыр жүріп жатқанын түсіндірді.

Құс тұмауын жұқтыру қаупі төмен — ДДСҰ
Фото: pexels.com

- Қазір ата-аналар мектептердегі сүзгіні айналып өтіп, медициналық стационарларда кешкі сағат 18.00-ден кейін топтасуды әдетке айналдырып жатыр. Кейін ауруханада орын тапшы деп жазуда. Шын мәнінде баланың жағдайы ауыр болмаса, шынымен де ауыр науқастанған адамдардың арасына барудың қажеті жоқ. Балаңыздың дене қызуы жоғары болып, жедел жәрдем шақырсаңыз келмеуі мүмкін. Өйткені жүктеме үлкен болып тұр. Бірінші кезекте баланың бөлмесінде температура ыстық болу керек. Екіншіден, қызу түсіретін дәрілер беру керек, - деді маман.

Сондай-ақ, ол қазір балалар арасында инфекцияны қайталап жұқтыру белең алып жатқанын айтты.

- Басқалай айтсақ, қарапайым тұмауы бар бала тұмауы ауыр жүріп жатқан баладан вирус жұқтырып жатыр. Қазір бір науқастың бойында үш немесе одан көп вирус өршіген (тридемия және мультидемия – ред.) жайттар көбейіп барады. Ауырып тұрса да балабақшаға барып жүрген балалар кейін қатты ауырып қалып жатыр. Кейін ата-анасы балам қатты ауырып қалды деп ауруханаға жүгіреді. Мәселенің бәрі осыдан туындап жатыр, - деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова биыл вирустардың өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар