Интернет-алаяқтыққа қатысы бар Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM- Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады. 2026 жылғы 16 қазанда олар әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.

Интернет-алаяқтық схемасына қатысы бар Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылды.

Интернет-алаяқтық схемасына қатысы бар Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Топтың әрекеттері Қазақстан резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.

-Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды,-делінген хабарламада.

Интернет-алаяқтық схемасына қатысы бар Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

сыған дейін Астанаға алаяқтық үшін халықаралық іздеуде жүрген адам жеткізілген болатын.