Иордания тарапына Қазақстанда өтетін «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференциясына ресми шақыру тапсырылды

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - 26 маусымда Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Сәрсенбаев Иорданияның Парламенті Мәжілісінің Бас хатшысы Мұхаммад Рудейнимен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында елші иордан Парламентінің басшысына үстіміздегі жылғы 27-29 тамыз аралығында жоспарланған «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин жолдаған ресми шақыруды қолма қол тапсырды.

Иордания Парламенті Мәжілісінің Бас хатшысы М.Рудейни өз кезегінде шақыру үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанға баруға шынайы мүдделігін танытты.

Соңғы жаңалықтар