Иран билігі музыкант әйел болғаны үшін концертті тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Ирандағы концерт әйел музыкантқа байланысты болмай қалды. Бұл туралы Ирандағы адам құқықтары ұйымы хабарлады, деп жазады Report.

Иран билігі музыкант әйел болғаны үшін концертті тоқтатты
Фото: report.az

Ақпаратқа сәйкес, 5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек еді. Алайда музыканттардың арасында әйелдің болуына байланысты концерт тоқтатылған.

Концерт өткізуге барлық құзырлы органдардан алдын ала рұқсат алынғаны айтылып жатыр.

Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Оның қызы Лиана Шарифиан да топ мүшесі. Оның қатысуына байланысты концерт өтпейді.

Айта кетейік, бұған дейін Италия Иран елшісін СІМ-не шақырып, ұсталған журналистің босатылуын талап еткені туралы жазған едік. Италиялық ару Сесилия Сала 19 желтоқсанда Тегеранда журналист болып жұмыс істеп жүрген кезінде қамауға алынған.

 

Соңғы жаңалықтар