Иран ең төменгі жалақыны 60% көбейтті
АСТАНА.KAZINFORM - Иран билігі ең төменгі жалақы 60 % өскенін жариялады, деп хабарлайды Euronews.
Иранның Еңбек министрі Ахмад Мейдари елдегі ең төменгі жалақының 60%-ға, 103 миллион риалдан (67,5 Еуро) айына 166 миллион риалға (109 Еуро) дейін өскенін растады.
Басылым өмір сүру құнының өсуін ішінара өтеуге арналған бұл шара экономикалық қиындықтардан туындаған наразылықтардан бірнеше ай өткен соң қабылданғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айының соңында экономикалық жағдайдың нашарлауы, ұлттық валюта бағамының күрт төмендеуі және инфляцияның өсуі аясында Тегеранда наразылықтар басталып, елдің басқа қалаларына да тарады.
Соңғы үш жыл ішіндегі ең үлкен жаппай наразылық акцияларына риалдың тарихи минимумға дейін күрт төмендеуі түрткі болды.
Айта кетейік, Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылық акциялары салдарынан қаза тапқандар саны 5 137 адамға жеткені белгілі болған еді.