Иран кәсіпкерлері Ақтөбе облысында қой шаруашылығын дамытпақ

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «Агро Ай Групп» ЖШС бас директоры Тавакол Эбрахимимен кездесу барысында Иран мен Ақтөбе облысы бизнес-қоғамдастықтарының ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
None
None

Ираннан Ақтөбе облысына келген кәсіпкерлер өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу үшін келді. Атап айтқанда, шетелдіктер алаңы 40 гектар жылыжай, сондай-ақ қуаты 10 мың бас ірі қара мал және 10 мың бас қойға арналған ферма салу үшін тиімді жағдай іздей келген.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысы мен Иран арасындағы тауар айналым кеден органдарының деректеріне сәйкес, 17,4 млн долларды құрады. Бұл біздің өңір мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетіне толықтай сәйкес келмейді, деп санайды Бердібек Сапарбаев.

«Ақтөбе облысында агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін ауқымды әлеует бар, өңірде 1 млн гектардан астам егістікке тиімді жер, 30 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Бұл ретте 100 мың гектардан астам суармалы сумен қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық және шабындыққа жарамды жерлер мүмкіндік береді », - деді өңір басшысы қонақтарға.

Кездесу қорытындысы бойынша, ирандық инвесторлар Ақтөбе облысының билігіне өңірде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған іскерлік және ғылыми ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісім жасасуды ұсынды.
Келісім ирандық бизнесмендердің келесі сапары барысында пысықталмақ.

null  

Соңғы жаңалықтар