Иран көршілес елдерді америкалық базаларға соққы жасау ықтималдылығы туралы ескертті

АСТАНА. KAZINFORM – Иран төңірегіндегі жағдай және оған АҚШ-тың ықтимал араласуы аймақтағы шиеленістің артуымен қатар жүріп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Иран предупредил соседние страны о возможных ударах по американским базам
Фото: x.com \ @visegrad24

Тегеран АҚШ әскерлері орналастырылған көрші елдерге Вашингтонның Ирандағы наразылық акцияларына араласуы жағдайында АҚШ базаларына жауап шабуылдарын жасауға дайын екенін ескертті, деп хабарлады Reuters агенттігі ирандық жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап.

Бұл ескертулер америкалық әскери контингенттерді орналастырып жатқан аймақтық мемлекеттерге жасалды. Агенттіктің үш дипломатқа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, осыған байланысты қызметкерлердің бір бөлігіне Таяу Шығыстағы ең ірі америкалық әуе базасы «Әл-Удейдтен» сәрсенбі күні кешке дейін кетуге кеңес берілді.

Дипломаттардың бірі болған жағдайды «орналастыру режимінің өзгеруі» деп сипаттап, бұл толық эвакуациялау туралы бұйрық емес екенін атап өтті. 2025 жылы Иранның базаға зымыран соққысы алдында байқалған әскерлердің ауқымды түрде шығарылуының белгілері тіркелген жоқ.

Қатардағы «Әл-Удейд» әуе базасы – АҚШ-тың аймақтағы ең ірі әскери базасы, ол шамамен 10 мың сарбазға лайықталған.

Бір күн бұрын АҚШ өз азаматтарын Ираннан кетуге шақырғанын жаздық.

Бұған дейін Трамп Иранға қатысты ең қатаң нұсқаларды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Иран наразылық кезінде шамамен 2000 адам қаза тапқанын мойындады.

Доха Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленістің салдары күрделі болатынын ескертті.

Иранда жағдай күннен күнге күрделеніп барады. Елде жаппай наразылық жалғасып, билік оларды қатаң басып-жаншып жатыр. Осы тұста АҚШ көшеге шыққан халықты қолдауы мүмкін деген күдік те артып отыр. Президент Дональд Трамп осы бағытта мәлімдеме жасады. Оқиғаның қалай өрбитіні және ықтимал сценарийлер туралы толық талдау Kazinform халықаралық шолушысының материалынан оқи аласыз.

 

Соңғы жаңалықтар