Иран наурыз айынан бері құжатсыз жүрген 1,2 ауғандықты еліне қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM – Иран наурыз айынан бері құжатсыз жүрген 1,2 млн ауғандықты еліне қайтарды, деп хабарлады дүйсенбі күні Ішкі істер министрі Эскандар Момени. Бұл туралы Синьхуа мәлім етті.

9 июля, Кабул. Афганские беженцы во временном лагере. / Фото: Синьхуа/
Фото: Синьхуа

Ирна ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Э.Момени елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында осы аралықта репатриацияланғандардың 70 пайызы ерікті түрде болғанын мәлім етті.

Ол еліне қайтарылған ауғандықтардың басым бөлігі Иранның Хорасан-Резави және Ауғанстанның Герат провинциялары аралығында шекарадан өткенін айта кетті.

Осыған дейін Ауғанстандағы демографиялық өзгеріс Орталық Азияға қалай әсер ететіні туралы сараптама жаздық.

Сондай-ақ Британия билігі мыңдаған ауғандықты құпия түрде өз еліне көшіргенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар