Иранда 6 елдің өкілі Ауғанстандағы жағдайды талқылайды

АСТАНА. KAZINFORM — Келесі аптада Иранда Пәкістан, Қытай және Ресей сияқты алты елдің өкілдерімен кездесу өтіп, тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылайды.

Иранда 6 елдің өкілі Ауғанстандағы жағдайды талқылайды
Фото: Report

Report агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Есмаил Багаи мәлімдеген.

— Иран Ислам Республикасы көршілес елдердегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа аса мән береді және осыған байланысты аймақ елдері арасындағы шиеленісті азайту және олардың арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін бар күш-жігерін салады, — деді ол.

Багаидың айтуынша, бұл кездесу келесі аптада Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай және Ресейдің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілдерінің қатысуымен Тегеранда өтеді.

Осыған дейін Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Кабулға жұмыс сапарымен барғаны туралы жаздық. Арнайы өкіл Еркін Тұқымовтың сапары 14 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар