Иранда АҚШ пен Израиль соққыларынан 8 адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ пен Израильдің Иранның батысындағы Керманшах провинциясынндағы адамдар тұратын аудандарға соққы жасап, салдарынан 8 адам қаза болып, 56 адам жарақат алды.

Иранда АҚШ пен Израиль соққыларынан 8 адам мерт болды
Фото: Анадолы

Бұл туралы түркиялық Анадолы хабарлады.

Иранның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, шабуыл Керманшах провинциясының орталығындағы Хафизие және Чакоголан тұрғын үй алаптарына жасалған.

Керманшах провинциясының губернаторы Әсел Кехризи соққылардың жуырда ғана жасалғанын және оның салдарынан мерт болғандар арасында 4 мектеп оқушысы бар екенін хабарлады.

Осыған дейін АҚШ-тың Иранға қарсы «шешуші соққы» жасауды қарастырып жатқаны туралы жаздық.

Ал Израиль армиясы Тегеранға ауқымды соққылар жасағанын хабарлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар