Иран ядролық нысандарға жақын жерде ауқымды құрылыс жүргізіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Иранда ядролық нысандарға жақын орналасқан таулы аймақта ірі жерасты кешенінің құрылысы жедел қарқынмен жүріп жатқаны белгілі болды.
Нысанның нақты не үшін салынғаны әзірше белгісіз. Алайда мамандар оны әскери мақсатта, соның ішінде Иранның зымыран немесе ядролық бағдарламасы аясында пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Таяу Шығыстағы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.
The Jerusalem Post басылымының мәліметінше, Иранның орталық бөлігіндегі Бехджатабад елді мекені маңында тау жотасының ішінде ірі жерасты кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы 25 қараша, сәрсенбі күні АҚШ-тың үкіметтік емес Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISIS) Vantor Technologies компаниясының спутниктік суреттеріне сүйене отырып мәлімдеген.
Нысан Исфахандағы ядролық кешеннен шамамен 62 шақырым, сондай-ақ Натанз ядролық орталығы маңындағы «Күрек» (Pickaxe) деген атпен белгілі Кух-е Коланг тауынан да осындай қашықтықта орналасқан.
Институттың бағалауынша, Иранда мұндай жерасты құрылыстары көп. Алайда Бехджатабадтағы кешеннің құрылысы әдеттен тыс жоғары қарқынмен жүріп жатқаны назар аудартады.
The Behjatabad Underground Facility (first identified by @BenTzionMacales) is a buried hardened facility built into a mountain that is undergoing rapid construction. Iran is known to have established a multitude of dispersed facilities of this type, but this facility is unusual for its speed of construction. The facility is exactly midway between the Esfahan nuclear site and Pickaxe Mountain near the Natanz nuclear site. (62 kilometers each way) Vantor reviewed Sentinel-2 images and derived a chronology of the sites’s construction: •December 7-12, 2025: 1st sign of construction/clearing on what becomes the administrative area/entrance to the facility •January 11, 2026: New road/path being built leading from admin area toward the future tunnel complex •April 3, 2026: 1st sign of activity at what will become the eastern tunnel area. •April 28, 2026: Spoil pile observed •June 12, 2026: 2nd tunnel area (western portion of tunnel complex) begins to emerge @Vantortech provided us with a November 24, 2026 image that we annotated to show the location of key areas and the status of construction (see three attached images). The function of the facility is not clear at this time. More information is needed to make an accurate assessment. However, its purpose could be related to a number of different military-related functions, such as missile or other major weapon systems, given the site's security, the nature and pace of construction, and past Iranian construction practices. A nuclear purpose cannot be ruled out. At this point, we can determine that Iran has recently begun to install the outer perimeter security barrier. From available imagery we have been able to discern what is likely to be the extent of its outermost physical security perimeter (see image below). When complete, the site will likely encompass an area of ~5000 hectares or ~12000 acres. We will add more images showing more details of the site and construction progress since 2025 in a forthcoming Institute report. Note: The Google Earth image with the overlay of the outer perimeter is a composite of multiple images of differing dates, but the image of the specific area where the future underground facility would be located was acquired on July 26, 2024.
— Inst for Science (@TheGoodISIS) November 25, 2026
Sentinel-2 спутниктік суреттерін талдау арқылы құрылыс жұмыстарының кезеңдері анықталған. 2025 жылғы 7–12 желтоқсан аралығында аумақты тазарту жұмыстарының алғашқы белгілері байқалған. 2026 жылғы қаңтарда болашақ жерасты кешеніне апаратын жол салына бастаған. Ал сәуірде шығыс туннель маңындағы жұмыстар мен қазылған топырақ үйінділері тіркелген.
Маусым айына қарай құрылыс кешеннің батыс бөлігіне дейін жетіп, онда туннель қазу жұмыстарының екінші учаскесі пайда болған.
24 қарашадағы спутниктік суреттерден нысанның сыртқы қоршауын орнату белгілері де анықталған. Зерттеушілердің алдын ала бағалауынша, құрылыс аяқталғаннан кейін күзетілетін аумақ шамамен 5 мың гектарды қамтуы мүмкін.
Сонымен бірге мамандар қолда бар суреттерге қарап, нысанның нақты мақсатын анықтау әзірше мүмкін емес екенін айтты.
Сарапшылар кешеннің құрылымын, қауіпсіздік шараларын және құрылыс қарқынын ескеріп, онда зымыран жүйелері немесе басқа да ірі әскери нысандар орналасуы мүмкін деп болжап отыр.
— Оның Иранның ядролық бағдарламасымен байланысы болуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды, — делінген институт хабарламасында.
Ұйым құрылыс жұмыстарына қатысты қосымша спутниктік суреттер мен егжей-тегжейлі талдауды жеке баяндама түрінде жариялауды жоспарлап отыр.
Иран билігі әзірше Бехджатабад кешенінің мақсаты туралы жарияланымдарға түсінік берген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттерді 2027 жылдың қаңтар айының соңына дейін қаржыландыруға қаражат жеткілікті екенін мәлімдеген еді.
Ал Иран АҚШ-тың теңіздегі шектеулеріне қарсы барлық шараны қолданбақ.