Ирандағы атысты тоқтату режимі аясында доллар 3,84 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,84 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 519,26 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 600, сату құны — 605.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 597 теңгеден сатып алынып, 604 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,47 - 6,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 523,46 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,69 теңге. Еуро — 600,04
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.